үй Әлем жаңалықтары Түркияда жер сілкінісінен 912 адам қаза тапты

Түркияда жер сілкінісінен 912 адам қаза тапты

28
0


                Түркияда жер сілкінісінен 912 адам қаза тапты

Фото: ғаламтордан

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 900-ден асты, 5 мыңнан астамы жараланды, деп хабарлады президент Режеп Тайып Ердоған Құтқару жұмыстарын үйлестіру орталығында.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды. 2470 адам құтқарылды», — деді ол.

Президенттің айтуынша, қаза тапқандардың нақты санын әзірге болжау қиын.

Ол сондай-ақ қалаларда 2 818 ғимараттың құлағанын хабарлады.

Түркияның Кахраманмарас провинциясында таңғы сағат 4:17-де жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Газиантептен 37 шақырым жерде болды. Жерасты дүмпулері Сирия, Ливан, Ирак және Израильде сезілді.

Жер сілкінісінен Сирияның Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинциялары қатты зардап шекті. Республика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаза болғандар саны 326-ға жетіп, 1042 адам жарақат алған.

Источник: nege.kz