үй Әлем жаңалықтары Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті

23
0


                Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті

Фото: ҚР ТЖМ

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірінде Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы басылымы.

Ал Сириядағы қаза тапқандар саны, шетелдік БАҚ-тың соңғы ұсынған дерегіне сүйенсек, 3 574 адамды құрады.

Күн өткен сайын үйінділер астынан адамды тірідей табу мүмкіндігі азая түсуде. Түрік билігі автотұрақтарда, стадиондарда және спорт залдарда уақытша мәйітханалар ұйымдастыруға мәжбүр. 

Айта кетсек, Түркияда жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл күндері Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл ел аумағында төменге түсіріледі. 

Источник: nege.kz