үй Әлем жаңалықтары Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілті табыс етілді

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілті табыс етілді

17
0


                Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілті табыс етілді

Фото: ғаламтордан

Президент Режеп Тайып Ердоған азаматтарға Түркияда апат аймағында салынған жаңа үйлердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газиантеп провинциясының Нурдагы ауданының Белпынар ауылында, Кахраманмараш провинциясының Местхююк және Түркоғлы Өзбек ауылдарында жеке үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне қатысты.

Президент салтанатты шараға қатысушыларды Рамазан мерекесімен құттықтады.

«6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен 15 күн өткен соң, жаңа үйлердің фундаменті қаланды. Апат аймағында барлығы 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Олардың 319 мыңы биыл тапсырылады. 60 мыңға жуық пәтердің фундаменті қаланды. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Біздің міндетіміз жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мүмкіндігінше тезірек жаңа заманауи үйлерге көшіру», — деді президент.

Ол апат аймағындағы барлық қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылып жатқанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Олардың бірі фермерлерді пайызсыз несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы Газиантепте жоспарланған 50 мың пәтерге қосымша тағы 50 мың пәтер салынатынын айтты.

Президент Ердоған жаңа үй иелеріне кілттерін табыстап, жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды барлық бағытта қолдау көрсетілетінін айтты.

Источник: nege.kz