340 rob

Фотосурет: ҚР Катардағы елшілігі
Қазақстанның әскери делегациясы Қатар Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Халед бен Мұхаммед Әл-Атыяның шақыруымен Катар астанасы Дохада сапармен болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің VIII Халықаралық DIMDEX-2024 көрмесіне ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов бастаған делегация қатысты.

DIMDEX-2024 VIII Халықаралық қорғаныс-өнеркәсіп көрмесінде көрмеге қатысушылар әскери-теңіз, теңіз индустриясы және маңызды теңіз инфрақұрылымының қауіпсіздігі саласындағы озық үлгілерін ұсынды.
Источник: dknews.kz






