үй Әлем жаңалықтары Технологиялық дипломатия — Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

Технологиялық дипломатия — Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

21
0

299 rob

Технологиялық дипломатия - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

Қазақстанның Сан-Франциско қаласындағы Бас консулы Азамат Әбдірайымов Сан-Францискодағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция орталығында жаңа «Tech Diplomacy Network» (TDN) платформасының ресми іске қосылуына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Соңғы онжылдықта жаһандық технологиялық индустрия халықаралық қатынастардағы жаңа ойыншыға айналды және «технодипломатия» үкіметтерді, азаматтық қоғамды және жаһандық технологиялық компанияларды ұсынатын практиктер үшін тәуелсіз сала болып табылады.

Технологиялық дипломатия - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

«TDN» идеялармен алмасу және жаһандық сын-қатерлерді шешуде озық тәжірибе алмасу орталығы болады. Платформа қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған және жаһандық әлемде халықаралық ынтымақтастық пен түсіністікке жәрдемдеседі.

Технологиялық дипломатия - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі

Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы (C4IR) — өндіріс пен экономикалық қызмет тәсілдерін ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік ұйымын да өзгертетін жасанды интеллект, заттар интернеті, кванттық есептеу, блокчейн және тағы басқа жаңа технологиялар мен инновацияларға көшуге байланысты мемлекеттер мен компанияларға қиындықтар мен мүмкіндіктерге бейімделуге көмектесу мақсатында 2017 жылы іске қосылған Дүниежүзілік экономикалық форумның бастамасы.

Источник: dknews.kz