250 rob
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Нонтхабуриде (Таиланд) 18 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы ITF Juniors J300 THAILAND ITF JUNIORS CHAMPIONSHIP B1 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аталмыш жарыста қазақстандықтар жеңімпаз атанды.
Әмір Омарханов (99 ITF Juniors) финалда сингапурлық Билл Чаномды (235 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 6:1 есебімен ұтып, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Бұл Әмірдің жекелей сында ITF Juniors додаларындағы бесінші титулы еді. Соның бәрі биылғы жылдың үлесіне тиеді. Бұдан бұрын ол Оңтүстік Кореяда (J300), Мысырда (J100), Тбилисиде (J60) және Қарағандыда (J60) үздік шыққан еді.
Қыздар арасында жұптық сында соңғы бәсекеде қазақстандықтар бас жүлдені өзара сарапқа салды. Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай тартысты матчта Мәлика Әмірғалиева – Альбина Кәкеновадан 6:7, 7:5, 10:5 есебімен басым түсті.
Бұл Асылжан мен Айяның ITF Juniors сериясында бірге жеңіп алған 11-інші титулы болатын.
Бозбалалар арасында Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин финалда жарыстың 1-ракеткалары, үндістандық Ариан Шах – қытайлық Тинх Джангқа жол берді – 4:6, 6:3, 6:10.
Источник: dknews.kz