79 Арман

Фотосурет: ҚТЖ
2023 жылғы 22 желтоқсанда S&P Global тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалауда (Corporate Sustainability Assessment) 100-ден 54 балл деңгейінде ESG-рейтингін берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
ESG компоненттері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағалары: экологиялық – 61 балл, әлеуметтік – 59 балл, корпоративтік басқару – 40 балл.

«Көлік және көлік инфрақұрылымы» саласындағы орташа көрсеткіш 26 балды құрады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ S&P Global Corporate Sustainability Assessment рейтингінде саладағы ең жоғары көрсеткіштері бар компаниялардың 15% кірді.
ESG қағидаттарын енгізу «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2032 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыты болып табылады. Берілген бағалау компанияның ESG принциптерін жүзеге асырудағы күш-жігерінің көрінісі болып табылады және оның қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы жоғары стандарттарға ұмтылысын растайды.
S&P Global ұсынған «ҚТЖ «ҰК» АҚ рейтингінің нәтижелері S&P Global веб-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді.
S&P Global ESG Score рейтингі – бұл компанияның ESG тәуекелдерін, мүмкіндіктерін және әсерін басқару саласындағы тиімділігін сол салалық классификациядағы әріптестерімен салыстырғанда өлшейтін салыстырмалы бағалау.
Источник: dknews.kz






