үй Әлем жаңалықтары Визалық өзгерістер туралы уағдаластық: Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасты нығайтады

Визалық өзгерістер туралы уағдаластық: Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасты нығайтады

45
0

244 Awrora

Визалық өзгерістер туралы уағдаластық: Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасты нығайтады

Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді либерализациялау саласында белсенді жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесуі өткізді.

Визалық өзгерістер туралы уағдаластық: Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасты нығайтады

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Визалық өзгерістер туралы уағдаластық: Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынасты нығайтады

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Источник: dknews.kz