үй Әлем жаңалықтары Қуаттылығы жылына 500 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу үшін инвестор...

Қуаттылығы жылына 500 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу үшін инвестор жер телімін таңдады

46
0

2068

Қуаттылығы жылына 500 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу үшін инвестор жер телімін таңдады

Фотосурет: UKIMET

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Жамал әл Гурайрмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар Алматы облысында қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың егжей-тегжейін талқылады.

Қуаттылығы жылына 500 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу үшін инвестор жер телімін таңдады

Жобаны іске қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «QazaqArabSugar» ЖШС арасында инвестициялық келісімге қол қойылды. Жобаны жүзеге асыруға бағытталған жол картасы бекітілді. Ол Қазақстан Даму Банкі арқылы қаржыландыруды, жер телімін бөлу мен кеңейтуді, оны «Alatau» АЭА аумағына біріктіруді, инженерлік инфрақұрылымды тартуды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және зауыт салуды қамтиды. Қазіргі кезеңде инвестор құрылыс жүргізілетін орынды анықтап үлгерді.

Қуаттылығы жылына 500 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу үшін инвестор жер телімін таңдады

Жоба бойынша жылына 500 мың тоннаға дейін қант қызылшасын қайта өңдеу қарастырылған. Зауыт құрылысымен қатар шикізатты өсіруге арналған суармалы жерлерді дамыту және кеңейту жоспарланып отыр.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – үш жыл. Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі, инфрақұрылымға қосылу мәселелері және өзге де ұйымдастырушылық-техникалық сұрақтар талқыланды.

Инвестициялар Серік Жұманғарин Халықаралық ынтымақтастық ҚР Үкіметі

Источник: dknews.kz