үй Әлем жаңалықтары Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш біріктіреді

Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш біріктіреді

67
0

116 Awrora

Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш біріктіреді

Фотосурет: Gov

Олимпиадаға дайындық жөніндегі штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Канвондағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш біріктіреді

Корея Республикасының Елшісі Қазақстанмен туризм және спорт саласында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді.

Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш біріктіреді

Кездесу барысында екі елдің өкілдері Ойындарды талқылап, осы жарыстан, қазақстандық спортшылардан қандай нәтиже күтетініне қатысты ой бөлісті. Жиын соңында Корея Республикасының Елшісі Жасөспірімдер Олимпиадасының бойтұмарын сыйлап, Қазақстан спортшыларына алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.

«Канвондағы Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасының бойтұмары біздің штаб кеңсесінде өз орнын тауып, алдағы төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысатын қыз-жігіттерімізге сәттілік алып келеді деген сенімдеміз» Ермек Маржықпаев

Источник: dknews.kz