106 Арман

Германия Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Берлинге Қазақстан делегациясы келді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жоғары мәртебелі делегация құрамына Конституциялық Соттың Төрағасы Э.Әзімова, Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиев, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Д.Шипп, Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Жиенбаев, Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі А.Арғынбекова, Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Е.Больгерт, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С.Имашева, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова кірді.
Бундестаг пен Германияның Федералдық үкіметі ұйымдастырған қонақтық бағдарламаға қатысу барысында делегацияның назары «Конституциялық-құқықтық алмасу» тақырыбына аударылды.
Сапардың басты мақсаты – құқықтық саладағы диалогты жандандыру, Бундестаг Президиумы, өңірлік парламенттік топтар және сыртқы саясат комитеттерімен пікірталас жүргізу.
Төрт күнге арналған бағдарламаның бірінші күнінде Қазақстан делегациясын Германияның Федералдық Әділет министрлігінде Парламенттік статс-хатшысы Беньямин Штрассер қарсы алды, оның қатысуымен «Конституциялық және құқықтық алмасу» тақырыбында сарапшылық келіссөздер жүргізілді.
Сол күні Германия Сыртқы істер министрлігінде Статс-хатшы Сюзанна Бауманнмен, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия бойынша уәкілетті өкілі Маттиас Люттенбергпен, сондай-ақ Арнайы және жалпы халықаралық құқық жөніндегі комиссары Вибке Рюккертпен кездесулер өтті.
Кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, заң шығару қызметінің басымдықтары, сондай-ақ конституциялық-құқықтық алмасу контекстіндегі негізгі аспектілер талқыланды.
Сапар барысында делегация ГФР Бундестагының Құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің төрайымы Элизабет Винкельмайер-Беккермен және Бундесрат директоры Уте Реттлермен кездесті.
Қазақстан делегациясы Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорында болып, қор директоры Штефан Хюльхёрстермен әңгімелесті. С.Хюльхёрстер 20-ға жуық мемлекетті құқықтық және сот-құқықтық реформалар бойынша жобаларында қолдайтын Қордың қызметі туралы хабардар етті. Ол Қордың негізгі бағыты конституциялық және нарыққа бағытталған құрылымдарды дамытуға, сондай-ақ Германияның ұлттық заңнамасын ЕО заңнамасына сәйкестендіруге бағытталғанын айтып, бірлескен ынтымақтастыққа шақырды.
Сапар барысында тақырыптық бағытқа қарай федералдық үкіметтің, қауымдастықтар мен саяси қорлардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Баден-Вюртемберг федералдық жеріне барып, Ландтаг президенті Мутер Араспен, Федералдық Жоғарғы сот төрағасы Беттина Лимпергпен, профессор Хайнрих Амадеус Вольфпен, Федералдық Конституциялық Сот Бірінші Сенатының судьясы және Баден-Вюртемберг Әділет министрімен Марион Гентгеспен кездесулер өткізді.
Бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және конституциялық-құқықтық салада тәжірибе алмасуға жасалған тағы бір қадам болды.
Источник: dknews.kz






