үй Астанада Астанада «Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасы кімдерге беріледі

Астанада «Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасы кімдерге беріледі

24
0

Көлік картасын пайдаланушылар қала маңы бағдарларында тегін жүреді


                        Астанада «Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасы кімдерге беріледі

«Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасы Ақмола облысы бойынша Целиноград және Аршалы аудандарында, Қосшы қаласында тіркелген жеңілдік санатына жататын азаматтарға беріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Жеңілдігі бар көлік карталарын шығару және беру аудандық әкімдіктер ұсынатын деректер базасына сәйкес жүргізіледі. Мәлімет айына 2 рет жаңартылады. Азамат базада болмаса, онда оған мәліметтерді нақтылау үшін аудандық/жергілікті атқарушы органға жүгіну ұсынылады.

Жеңілдігі бар көлік картасын шығару үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан Орталық кассаға бару қажет. Қажетті құжаттар: ЖСН бар жеке куәліктің түпнұсқасы, зейнетақы куәлігінің түпнұсқасы, жеңілдік санатын растайтын құжат және 3х4 фото.

Картаның бастапқы шығару құны – 1000 теңге, қайта шығару – 2000 теңге, – делінген хабарламада.

«Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланушылар қала маңы бағдарларында ғана тегін жүреді. Пайдаланушы қалалық бағдарларда жүру үшін жеңілдігі бар көлік картасының теңгерімін толықтыра алады.

Источник: kaz.elorda.info