үй Астанада Елордада 14 жерінен пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

Елордада 14 жерінен пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

27
0

Оны 15 наурызда Астанадағы мешіттердің бірінде пышақтап кеткен еді


                        Елордада 14 жерінен пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Елордада бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Elorda.info  Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Пациент жазылып үйіне шықты, өзін жақсы сезінеді. Оның толық қалпына келуіне біраз уақыт керек, — дейді №3 қалалық көпбейінді аурухананың емдеуші дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.

Өз кезегінде пациент Мұслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

Мені ауруханаға 14 жерден пышақ жарақатымен, ес-түссіз алып келді. Дәрігерлер жанымды аман алып қалды. Хирургия бөлімінің жетекшісі Сергей Вервейн мен емдеуші дәрігер Арман Сарқытбайға алғысым шексіз, — дейді жазылып шыққан мешіт қызметкері.

Айта кетейік, 15 наурызда Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін біреу пышақтап кетті.

Источник: kaz.elorda.info