Ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.
фото: ашық дереккөзден
Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.
Источник: kaz.elorda.info