үй Астанада Астанада мереке күндері қайда баруға болады

Астанада мереке күндері қайда баруға болады

24
0

Елорда көшелері ертегіде жүргендей әсер сыйлайды


                        Астанада мереке күндері қайда баруға болады

Фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңа жыл мерекесі жақындап қалды. Елорда көшелері құлпырып, ертегіде жүргендей әсер сыйлайды. Астананың барлық ауданында демалысты көңілді өткізу үшін мұз айдындары, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері, мұз қалашықтары салынды, деп хабарлады Elorda.info. 

Алматы ауданында демалысты көңілді өткізуге арналған орындар Қазақ елі монументінің жанындағы алаңда, Триатлон паркінде, Президенттік саябақта (шаңғы трассалары да ұйымдастырылады), Ақбұлақ өзенінің жағасында ашылды.

Сондай-ақ, мұз қалашықтары 4 елді мекенде орнатылды: Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино, Куйгенжар. Сол сияқты 3 мектептің аумағында және Теміржолшылар елді мекенінде 4 хоккей корты салынды.

Ең биік сырғанақ Отау шағын ауданы, Сарайшық, сондай-ақ «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағында салынды.

Байқоңыр ауданының аумағында биыл 5 мұз қалашығы жабдықталды. Мұнда шыршалар, мұз айдындары, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері бар.

Олар мына мекенжайларда орналасқан:

— «Жастар» сарайы;

— К.Ататүрік атындағы саябақ;

— «Жазушылар» аллеясы (Абай даңғылы);

— Өндіріс елді мекені (Ақбидай және Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы);

— Кирпичный елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы);

— Қазқалашық елді мекені (Досмұхамедұлы көшесіндегі 4, 6, 8, 10, 12 үйлердің ауласы).

Сарыарқа ауданында мұз айдындары мен сырғанақтарды абаттандыру жоспарланып отыр:

— Қалалық алаң;

— Есіл өзенінің жағалауы;

— А.Герцен-Оқжетпес көшелерінің қиылысы;

— «Көктал» саябағы.

Сол сияқты Demalys promenade аумағында фотоаймақтар мен шағын сәулет нысандары орнатылады.

Есіл ауданында жаңажылдық көңіл-күйді сыйлау үшін бірнеше тартымды орын анықталды:

— «EXPO-2017» аумағы;

— Тұран даңғылы жағындағы Орталық саябақ;

— «Керуен» СОО және «Хан Шатыр» СОО ауданы;

— Ботаникалық бақ.

Сонымен қатар сырғанақтар мен мұз айдындары мынадай орындарда орналасады:

— «Алау» СК мұз айдыны;

— «My car» автоорталығы – биіктігі 3 м болатын балалар мұз сырғанағы.

— «Азия парк» СОО және «Ailand».

Жалт-жұлт еткен көше шамдары кез келген жанды жаңажылдық әсерге бөлейді. Ал ертегі кейіпкерлерінің бейнесі, мұз қалашықтар, безендірілген шыршалар тіптен керемет көңіл-күй сыйлайды.

Источник: kaz.elorda.info