үй Астанада Астанада ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Астанада ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

24
0


                        Астанада ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Астанада дәстүр бойынша Ауғанстандағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні аталып өтті. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 34 жыл толды, деп хабарлады Elorda.info.

Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған республикалық мемориал алаңында Ауған соғысының ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің туыстары, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері және мектеп оқушыларының қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің құрметіне аға буын өкілдері сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа ерліктің үлкен өнегесін көрсетті.

Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағыманов және Астана қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департамент өкілі, полковник Ғани Артықов, сонымен қатар “Ұрыс қимылдар ардагерлері” ұйымдары өкілдерінің атынан Нәбиден Үсенов сөз сөйледі.

Астана қаласының “Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы” қоғамдық бірлестігінің өрағасы Миранбек Төлекпаев өз сөзінде барлық ардагерлерге өзінің ризашылғын айтып, кезекті гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Іс-шарада Астана қаласы әкімдігінің атынан, Астана қаласы мәслихатының атынан, Ауған соғысына қатысушылардың атынан және өзге де қоғамдық ұйымдар атынан гүл себеті қойылды.

Источник: kaz.elorda.info