үй Қазақстан жаңалықтары Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жиын өтті

Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жиын өтті

23
0

375 rob

Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жиын өтті

Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың, бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтың, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңестің күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мәселелері, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде, «СҚ-Фармация» ЖШС-да, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы құқық қолдану практикасына жүргізілген талдау нәтижелерін жеткізді.

Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жиын өтті

Бұдан әрі Мемлекет басшысының өткен жылғы 1 ақпандағы тапсырмасына сәйкес әзірленген Кедендік іс, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы мен сапасы бірлесіп талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы орынбасарының айтуынша, жоспар Агенттік арқылы келісілді, жоғары талаптарды ескере отырып, 14 іс-шара енгізілді. Әрбір тармақ тергеу практикасымен және қолда бар аналитикамен негізделген. Ұсынылған шаралар проблемаларды кешенді шешуге, бизнес-процестерді автоматтандыруға және ашықтыққа, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жиын өтті

Дмитрий Малахов дәрілік заттарды бөлуге қатысты проблемалық мәселелердің біріне назар аударды, онда дәрілік заттарды таңбалауды енгізу процесі жүріп жатыр, бұл дәрілік препараттардың стационарлар мен емханалардың мемлекеттік желісінде де, жалпы ел нарығында да қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрі-дәрмектерді таңбалау жөніндегі уәкілетті құрылымдармен бірлескен жұмыс «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелерінің дайындығы бойынша жалғасып жатқанын, ол толығымен іске қосылатынын атап өтті.

«ТМККК және МӘМС шеңберінде бөлінетін дәрі-дәрмектерді автоматты есепке алуға келетін болсақ, мұнда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп процестерді цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, сервистер электрондық үкімет платформасында іске асырылатын болады, бұл жұмыс медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерді қоса алғанда, барлық тараптардың күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді», — деп атап өтті А.Ғиният.

Өз кезегінде бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев өз сөзінде кешенді жоспарды орындау шеңберінде Министрлік медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды бастағанын баяндады.

«2022 жылы жалпы сомасы 20 млрд.теңгеден астам 177 бірлік медициналық техника сатып алынып, өңірлерге бөлінді. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша үнемдеу 3,1 млрд.теңгені құрады.

Сонымен қатар, өткен жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша республикалық бюджет қаражатының үнемделуі 22,2 млрд.теңгені құрады», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, жиын барысында Малахов Министрліктің Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы талдау циклінің бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген ұсынымдардың орындалуы Министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға, ұйымдық құрылымды оңтайландыруға, бизнес-процестерді трансформациялауға, әкімшілік шығыстарды қысқартуға, мемлекеттік сатып алуды ұтымды етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

Осыған байланысты барлық жоспарланған іс-шаралардың сапалы және толық орындалуына қол жеткізу қажет. Бұл ретте Агенттік басшысының орынбасары Превенция қызметі онлайн режимде сыртқы талдау бөлігінде осы ұсынымдарды орындау бойынша жұмыстарға жәрдем көрсетуге дайын екендігіне сендірді.

«Біз Денсаулық сақтау министрлігінің шаралар қабылдап жатқанын, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін көріп отырмыз. Ұсынымдарды орындау бойынша айтылған мәселелерді біз қарап, тиісті баға беретін боламыз. Егер орындау кезінде қиындықтар, басқа мемлекеттік органдарға байланысты кедергілер болса, онда Агенттік жалпы қолдау көрсетеді, бірақ бұл үшін кері байланыс қажет»,-деп қорытындылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Малахов.

Кеңестің қорытындысы бойынша Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде Министрліктің сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Источник: dknews.kz