Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңі 2024 жылы басталады. Келер жылдан бастап бизнесмендер, жеке кәсіпкерлер, компания
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: depositphotos.com Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңі 2024 жылы басталады. Келер жылдан бастап бизнесмендер, жеке кәсіпкерлер, компания басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруы керек. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, декларацияны қалай дұрыс тапсыру керек екені туралы материал дайындады. 2024 жылы кімдер міндетті декларация тапсыруы керек? Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі 2024 жылы басталады. Үшінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-форма) алғаш рет 2024 жылғы 1 қаңтарға заңды тұлғалардың (ЖШС, АҚ, ҚБ және басқалар) басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. Сонымен қатар, 1-2-кезеңде декларация тапсырғандар 270.00-форма бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруды жалғастырады. Декларацияны қалай және қайда тапсыру керек? Жалпы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – орналасқан жері бойынша беріледі (Салық кодексінің 632-бабы): Декларацияны электрон түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-salyq azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады. Декларацияда не көрсетілуі керек және неге? Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.0-форма) жеке тұлғалар көрсетуге арналған (Салық кодексінің 631-бабы): 1) ҚР шегінен тыс мүліктер: 2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шекарасынан тыс жерлердегі мүлік: Декларанттар декларация тапсыру кезінде қандай мәселелерге тап болады? 270.00-формадағы декларацияны тапсырған кезде жеке тұлғалар көбінесе «жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу» бөлімін толтыру кезінде қателік жібереді, ал бұл бөлімді толтыруға болмайды. Декларацияны тапсырған кезде қай жыл мен кезеңді көрсету керек? Жалпыға бірдей декларациялау декларацияның екі формасын көздейді. Егер салық төлеуші жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіндегі тұлғалар санатына жататын болса және 2023 жылы алғаш рет 250.00 формасындағы активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын табыс еткен жағдайда, көрсетілген декларацияны табыс еткен кезде «2023 жыл» салық кезеңін көрсету қажет (мәліметтер 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілетін болады). Кірістер мен мүлік туралы декларация 270.00-форма жыл сайын есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, яғни 2023 жылы – «2022» жылды көрсете отырып, 2022 жылға, 2024 жылы – «2023» жылды көрсете отырып, 2023 жылға және т.б. Декларацияны қате толтырған жағдайда не істеу керек? Декларация қате толтырылған жағдайда, егер декларацияны беру мерзімі әлі аяқталмаған болса, декларацияны қайтарып алуға және оны дұрыс толтыра отырып, жаңасын беруге болады. Немесе екінші нұсқа бар: дұрыс ақпаратты көрсететін қосымша декларацияны тапсырыңыз. Декларацияны уақытында тапсырмаса не болады? «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде берілмесе немесе декларацияда толық емес, анық емес мәліметтер болса, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетінін белгілейді. Жеке тұлғаның әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзуы он бес АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады (15 * 3 692 = 55 380 теңге, 2024 жылға алынған АЕК). Сонымен қатар, жеке тұлғалар салық объектілерін жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200 пайызы мөлшерінде, ал егер мұндай звңбұзушылық қайталанса, 300 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу арқылы өз ақшасынан айырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүлкінің бар-жоғы туралы ақпаратты жасырған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасы бар жеке тұлғалар жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді (100*3692 = 369 200 теңге, айлық есептік көрсеткіш 2024 жылға алынған). Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






