үй Астанада Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады? ...

Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады? Кеше, 17:33

4
0

"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады?
                Кеше, 17:33

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

«Қазгидромет» РМК 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2024 жылы ақпанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтіледі.

«Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтіледі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі», — делінген хабарламада.

Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Ақпанның басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжанған. Тұрақсыз ауа райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтіледі. Республиканың батысында ақпанның басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін. Ақпанның бірінші онкүндігі аяғында температуралық фонның кезекті төмендеуі солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады».

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz