Tele2 мен ALTEL-ге иелік ететін компания жеке инвесторға сатылмақ. Ұлттық экономика министрлігі "2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Tele2 мен ALTEL-ге иелік ететін компания жеке инвесторға сатылмақ. Ұлттық экономика министрлігі «2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» үкімет қаулысына түзетулер жобасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялардың ірі еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі бірінші кезекте бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын жаңа тармақпен толықтырылған — «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – Tele2 және ALTEL ұялы байланыс операторларының біріккен компаниясы. Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылау 2024 жылдың 14 ақпанына дейін жалғасады. «Мобайл Телеком-Сервис» «Қазақтелекомға» тиесілі. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, «Қазақтелеком» акцияларының 80 пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. 2018 жылы «Қазақтелеком» Kcell акцияларының 75 пайызын сатып алды, ол сол кезде Telia Company және Fintur Holdings B.V.-ге тиесілі болған. Компания қазір Kcell акцияларының 51 пайызына ие. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






