Қазақстанда әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған нормалар әзірленді. Олар туралы толығырақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Қазақстанда әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған нормалар әзірленді. Олар туралы толығырақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың айтуынша, осы жұмыстың шеңберінде, жоғарыда көрсетілген заң жобасында және басқа да заң жобаларында қосымша нормалар ұсынылып отыр «Жәбірленушінің мәлімдемесін күтпей-ақ, қорқыту немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарындағы немесе онлайн платформалардағы хабарламалар негізінде уәкілетті органдарға жеке алдын алу шараларын қабылдау құқығын беру», — деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-те. Сондай-ақ: Балаларға қатысты: «Бұл басталған нормалардың бір бөлігі ғана. Пікірталас көп болады, бірақ әйелдер мен балалар толығымен қорғалуы керек екенін түсіну маңызды. Әрине, бәрін заңмен шешу мүмкін емес, оларды жүзеге асыруда көптеген проблема бар. Біз мұны да назардан тыс қалдырмаймыз. Үкімет бұл ұсыныстарды қолдайды деп сенемін. Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz