үй Астанада Қонақүйлер, жер және үлестер: мемлекетке триллион теңге қайтарылды ...

Қонақүйлер, жер және үлестер: мемлекетке триллион теңге қайтарылды Кеше, 16:37

31
0

Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қонақүйлер, жер және үлестер: мемлекетке триллион теңге қайтарылды
                Кеше, 16:37

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару туралы айтты. Бас прокурордың орынбасары қайтарылған капитал қаншаға бағаланатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Садырбековтың айтуынша, бүгінге дейін құқық қорғау органдары мемлекетке 1 триллион теңгеге жуық мүлік пен активтерді қайтарған.

«Олардың шамамен 600 миллион доллары басқа юрисдикциялардан қайтарылған активтер. Егер нақтырақ айтсақ, менің білуімше, Біріккен Араб Әмірліктерінен — шамамен 15 миллион доллар, Австриядан — 82 миллион доллар, Лихтенштейннен – 260 миллион доллар, Гонконгтан – 2 миллион доллар. Мысалдар өте көп және юрисдикциялар да әртүрлі», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Ел ішіндегі активтер туралы айтсақ, Садырбеков ақшадан бөлек үлестер, ірі компания акциялары, оның ішінде монополиялық: қонақүйлер, базарлар, элиталық бизнес-орталықтар, жерлер қайтарылғанын хабарлады.

«Тіпті ел үшін стратегиялық маңызы бар теміржолдар бар», — деп қосты Бас Прокурордың орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz