Бағдардың жүру кестесінде өзгерістер болды
Фото: ашық дереккөз
Астанада бүгіннен бастап №327 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді, деп хабарлады Elorda.info.
Көліктік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 28 желтоқсаннан бастап, №327 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгерді. Енді бағдар «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасына дейін жүреді, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Сонымен қатар, бағдардың жүру кестесінде өзгерістер болды.
Бағдардың жаңа қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Источник: kaz.elorda.info