үй Астанада Жаңа жыл қарсаңындағы елорда (ФОТО)

Жаңа жыл қарсаңындағы елорда (ФОТО)

20
0

Елорда, әсіресе, кешкі мезгілде сұлу болып көрінеді


                        Жаңа жыл қарсаңындағы елорда (ФОТО)

Фото: Василий Крась

Еліміздің бас қаласы — Астана Жаңа жыл қарсаңында ерекше мерекелік күйге бөленіп тұр. Айнала жап-жасыл шыршалармен безендіріліп жатыр, деп жазады Elorda.info.

Қызылды-жасылды түрлі шамдар, қардан тұрғызылған ертегі, түрлі мультфильм кейіпкерлері қызықтырмай қоймайды, әсіресе, балаларға айрықша көңіл күй сыйлауда.

Оқи отырыңыз: Елордада 21 шырша қойылады

Астаналықтар қыс қызықтарын қайда тамашалай алады

Елорда, әсіресе, кешкі мезгілде сұлу болып көрінеді.

Мереке жақындаған сайын астаналықтар да серуендеуді жиілеткендей.

Айнала толы жастар, олар әсем шыршалар маңайында суретке түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеп жатыр. Сондай көңілді… Шат-шадыман…

Тағы оқыңыз: Елордада жаңажылдық дастарханға қанша қаражат қажет

Енді бір тұста елордалық ата-аналар балаларымен бірге түн батқанша сырғанақ теуіп жүр.

Әне бір жерде коньки тепкен жеткіншектер…

Қуанышқа кенелген балалардың риясыз күлкісі Астана аспанын жаңғыртады. Лайым солай болсын.

Источник: kaz.elorda.info