үй Астанада Елордада жаңадан салынған ғимарат аумағында контейнер өртенді

Елордада жаңадан салынған ғимарат аумағында контейнер өртенді

55
0

Зардап шеккендер жоқ


                        Елордада жаңадан салынған ғимарат аумағында контейнер өртенді

Елордада бүгін жаңадан салынған ғимарат аумағында 40 тонналық контейнер өртенді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ақпаратты қалалық ТЖД растады.

Бүгін сағат 09:17-де Мәңгілік ел даңғылы, 63 мекен жайында жаңадан салынған ғимарат аумағында 40 тонналық контейнер жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына елордалық №4 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі барды. Өрт сағат 09:38-де сөндірілген. Тілсіз жауды өшіруге өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.

35 шаршы аумақта кеңсе ғимаратына айналған 40 тонналық контейнердің ішкі төсеніші мен жиһазы жанып кеткен, — делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.

Источник: kaz.elorda.info