Фото: ғаламтордан
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары 28 желтоқсанда палатаның жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыруды қарастыратын заң жобасын қарап жатыр.
Алматы, NEGE. «Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, биылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», — деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.
Ол бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленгенін айтып, әріптестерінен Заң жобасын қарау үшін жұмысқа алуды өтінді.
Источник: nege.kz