үй Астанада Елордадағы ЭКСПО шарында Түркия туы бейнеленді (ВИДЕО)

Елордадағы ЭКСПО шарында Түркия туы бейнеленді (ВИДЕО)

29
0

Осылайша, еліміз бауырлас түрік халқына тілектестігін жеткізді 


                        Елордадағы ЭКСПО шарында Түркия туы бейнеленді (ВИДЕО)

Фото: Бақтияр Бақаев

Астанадағы ЭКСПО-қалашық аумағындағы «Нұр Әлем» сферасы Түркия туының түсіне боялды, деп хабарлады Elorda.info.

6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы апатқа қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстаннан құтқарушылар мен дәрігерлер баратынын мәлімдеді. Осылайша, қазақстандық ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды.

8 ақпанда Президент Үкіметке Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барып, көңіл айтты.

Осылайша, еліміз бауырлас түрік халқына тілектестігін жеткізді. 

Источник: kaz.elorda.info