үй Қазақстан жаңалықтары Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы не белгілі? ...

Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы не белгілі? Кеше, 17:31

21
0

Сыртқы істер министрлігі Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың денсаулық жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың жағдайы туралы не белгілі?
                Кеше, 17:31

Сабина Мамадьярова / әлеуметтік желіден

Сыртқы істер министрлігі Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярованың денсаулық жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярованың жағдайы бойынша. Ол Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында екені белгілі. Кеше жараланған қолына ота жасалды, жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен үнемі байланыста, оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Бүгін консул өзі барды», — деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz