үй Астанада Елордалық көркем гимнасшыларға берілген спорттық залда алғашқы жарыс өтті

Елордалық көркем гимнасшыларға берілген спорттық залда алғашқы жарыс өтті

80
0

Астана қаласының ашық кубогы өтті


                        Елордалық көркем гимнасшыларға берілген спорттық залда алғашқы жарыс өтті

Елордада көркем гимнастикадан Астана қаласының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, жуырда ғана Астаналық көркем гимнастика шеберлеріне жаңа жаттығу залы беріліп, инфрақұрылымға қатысты мәселе шешілген болатын. Енді, міне сол жерде алғаш рет Астана қаласының ашық кубогы ұйымдастырылды.

Жыл сайын тұрақты өткізілетін жарысқа 300-ден астам елордалық көркем гимнасшылар қатысып, үш күн бойы өзара жас ерекшеліктеріне сәйкес сынға түсті.

Биылғы жарысымыз жаңа ғимаратта өтіп жатыр. Бастысы, бұл ғимарат көркем гимнастиканың талаптарына сай. Бұл орталықтың ғимаратын бір жылға жалға алдық. Қазіргі таңда қыздарымыз дайындалып жатыр, балалар өте қуанышты. Аталмыш чемпионат жыл сайын наурыз-мамыр айында дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Осы жарыста Астана қаласының құрама командасын анықтайтын боламыз. Суырылып шыққан үздіктер алдағы көптеген жарыстарға қатысуға жолдама алады. Бүгінгі таңда мақсатымыз – көркем гимнастиканы елордада кеңінен дамыту және олимпиада тұрғысынан жас буынды дайындау, – дейді Астана қаласының көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілхайыр.

Үміткерлер бірнеше жас деңгейі мен гимнастиканың бірнеше бағыттары бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салды.

Жарыстың нәтижесінде қалалық құрама жасақталды. Іріктеуден өткен спортшылар алдағы халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын болады.

Источник: kaz.elorda.info