үй Астанада Жеңіс Қасымбек: Міндетіміз — үлескерлерге баспана кілтін табыс ету

Жеңіс Қасымбек: Міндетіміз — үлескерлерге баспана кілтін табыс ету

17
0


                        Жеңіс Қасымбек: Міндетіміз - үлескерлерге баспана кілтін табыс ету

Астана әкімі қаладағы құрылысы ұзаққа созылған кезекті нысандарды аралады, деп хабарлады Elorda.info.

Көппәтерлі үш тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен қайта кездестім. Олар — «Коргалжынский квартал», «Комсомольский», «Арыстан» тұрғын үй кешендері. Құрылыстың тоқтап қалмауы және үлескерлердің жұмыс нәтижесін көргені маңызды, сол себепті құрылыс алаңдарында тұрақты түрде кездесу өткіземіз.

Тұрғын үй кешендерінің жағдайы қиын болатын. Мәселен «Арыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Нысанды тапсырар кезде небәрі 20-30%-ға дайын еді. Мұнда 450-ге тарта үлескер отбасы пәтерін күтіп жүрді. Тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады, олардың бір бөлігі аяқталып, үлескерлерге пәтер кілті табыс етілді. Қалған блоктар да аяқталады. «Комсомольский» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Мұнда 600-ден астам үлескер отбасы бар.

Үлескерлер кездесулерде инженерлік желілер салу, абаттандыру, қосымша автобус бағытын іске қосу секілді өзге де мәселелерді көтереді. Біз өз тарапымыздан мердігерлерге барынша көмек көрсетеміз. Біздің міндетіміз — құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтап, үлескерлерге баспана кілтін табыс ету, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Источник: kaz.elorda.info