1 қаңтарда интернет-банкинг арқылы толтыру қалпына келтіріледі
Фото: ашық дереккөз
Астанада көлік карталарын банк қосымшалары арқылы қашықтан толтыру уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elorda.info.
Өндірістік қажеттілікке байланысты 30-31 желтоқсанда көлік карталарын банк қосымшалары арқылы қашықтан толтыру уақытша тоқтатылады. Бұл күндері көлік карталарын мамандандырылған кассалар мен RTVM автоматтары арқылы толтыруға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
2023 жылғы 1 қаңтарда интернет-банкинг арқылы толтыру қалпына келтіріледі.
Источник: kaz.elorda.info