
Астана қаласынан сайланған Сенат депутаты ел үмітін ақтайды. Мұндай пікірді қалалық мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміз үшін, елордамыз үшін көпшіліктің көңілінен шығатын депутат болады деп ойлаймын. Өзім депутаттық жұмыстың қыр-сырын білгендіктен, қаншалықты жауапкершілігі мол жұмыс екенін білемін. Бүгінгі сайлау — еліміздегі өзгерістерден жейін жаңа үлгіде өтіп жатқан сайлау. Кандидаттардың барлығы қаланың жай-күйімен жақсы таныс жандар. Біз таңдаған депутаттар алдағы уақытта аянбай еңбек етеді деген ойдамын. Оған үлкен үміт артып отырмыз. Қаланың шешілмей жатқан мәселелерін депутаттық мінберде көтереді деген сенімдемін, — деді қалалық мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов.
Аяулым Серікқызы
Источник: kaz.elorda.info

