
Фото: Василий Крась
Астанада Сенат депутаттарын сайлайтын таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес Сенат депутаттарын сайлау жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Парламент Санатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар болып Астана қаласының Мәслихат депутаттары қатысады. Олардың барлығы сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы 1 дауысқа ие.
Сенат депутаттарын сайлау таңдаушыларының бірлескен отырысында жүргізіледі, — деді отырыстың ашылуында Астана қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Отырысқа Астана қаласының 29 депутаты қатысты, яғни олардың барлығы Сенат депутаттарын сайлауда дауыс береді.
Сондай-ақ отырыс барысында Астана қаласы аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова таңдаушыларды дауыс беру процесімен таныстырды.
Аяулым Алтынбек
Источник: kaz.elorda.info

