
Бүгін елімізде ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Астана қаласынан үш кандидаттың кандидатурасы ұсынылды. Астана уақыты бойынша мағат 11:00-де елордалық мәслихат депутаттары өз дауыстарын береді, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Президентінің жарлығымен 14 қаңтарға кезекті ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы тағайындалды. Астана қаласындағы сайлаудың ерекшелігі өзінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын сенаторымыз бар. Соның орнына да ОСК қаулысымен сайлау жарияланды. Ол да бүгінгі 14 қаңтарға тағайындалып отыр. Сол себепті де Астана қаласы ерекшеленіп отыр. Бізде екі сайлау бір күнде өтіп отыр. Сайлауға негізінен қатыстатын таңдаушылар бұл — жанама сайлау. Сенат депутаттарының сайлауы жанама сайлау негізінде өткізіледі. Оған таңдаушылар қатысады. Таңдаушылар болып Астана қаласының мәслихат депутаттары қатысады. Бізде — 31 депутат. Олардың барлығы дерлік дауыс беруге қатысады деген ойдамын», — деді Астана қаласы аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.
Қазір елордада таңдаушылардың бірлескен отырысы өтіп жатыр, онда депутаттарға дауыс беру рәсімі туралы айтылады.
Дауыс беру процесі Астана уақыты бойынша сағат 11:-00-де басталады. Дауыс беру рәсімі аяқтағаннан кейін қалалық сайлау комиссиясы бірден дауыстарды санауға кіріседі.
Аяулым Серікқызы
Источник: kaz.elorda.info






