126 Арман
Биыл ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу міндеттерін іске асыру мақсатында кешенді шараларын қабылдауда, деп хабарлады ведомство төрағасының орынбасары Болат Самбетов ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы орган нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың атына бұзушылық белгілерінің болуы туралы 442 хабарлама шығарды, оның ішінде 330 орындалды. Ескертулер кәсіпкерлерге бұзушылық белгілерін өз еркімен жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, олар монополияға қарсы тергеп-тексерілмейді. Сонымен қатар, 118 тергеу аяқталып, 95-не қатысты әлі тексреулер жүріп жатыр» Болат Самбетов
Мемлекет пайдасына 5.5 млрд теңгеден астам сома өндірілді.
«Қазіргі уақытта ел аумағындағы ең ірі такси агрегаторының қызметтерін ұсынатын Яндекс таксиге, метрология және тауарлардың сәйкестігін растау қызметтерін көрсететін Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына, «Мобайл телеком сервис «байланыс операторына (Теле 2) және дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын Петросанға қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде тергеу жүргізілуде» Болат Самбетов
Тергеу қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады.
Источник: dknews.kz