үй Қазақстан жаңалықтары Ақтөбелік Ұлттық ұлан жауынгері ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ақтөбелік Ұлттық ұлан жауынгері ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

29
0

323 Awrora

Ақтөбелік Ұлттық ұлан жауынгері ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ағымдағы жылдың 26-29 қаңтар аралығында Алматы қаласында ересектер арасында ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогына жарыс өткізілді. Өткізілген жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 11 салмақ дәрежесі бойынша 200-ге жуық спортшы қатысты.

Ер жігіт – елдің қорғаны. Ал еліміздің тыныштығын қорғау әр азаматтың борышы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп, ел тыныштығын қамтамасыз етумен бірге спортты жанына серік етіп, үлкен додаларда топ жарып жүрген әскери қызметшілеріміз жетерлік. Осындай әскери қызметшілердің бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің жауынгері қатардағы Нұрсұлтан Измурзаев.

Қатардағы Измурзаев Нұрсұлтан Алматы қаласында өткізілген ушу – саньдадан Қазақстан кубогы жарысында 70 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тақты.

Ақтөбелік Ұлттық ұлан жауынгері ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

-Жарыс өте жоғары деңгейде өтті.  Жарыс барысында 4 кездесу өткіздім, қарсыластарымның барлығы жақсы дайындықпен келген. Мен үшін ең қиыны ақтық бәсеке болды, қарсыласым бойшаң және өте жылдам спортшы екен. Кездесу барысында қарсыласымнан айламды асырып ұпай санымен жеңіп шықтым деді, — жарыс жеңімпазы Нұрсұлтан Измурзаев.   

        

Капитан,

Ертуған Әубакир​​​​

Источник: dknews.kz