үй Қазақстан жаңалықтары Абай гарнизонында «Aшық есік күні» іс-шарасы өтті

Абай гарнизонында «Aшық есік күні» іс-шарасы өтті

27
0

291 Awrora

Абай гарнизонында «Aшық есік күні» іс-шарасы өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімінде Семей қаласының оқушыларына арнап «Ашық есік күні» іс-шарасы  ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Абай гарнизонында өткен шараның мақсаты – жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулу, әскерде қызмет етудің олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру.

Абай гарнизонында «Aшық есік күні» іс-шарасы өтті

Шарада оқушылар үшін әскери бөлім заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілері және әскери техникамен қамтылған көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды.  Білім алушылар «Ашық есік күні» аясында казармадағы үй-жайларды аралап, әскери асхананы тамашалады. Ауқаттану нысанында олар сарбаздарға арналған ас мәзірімен танысты.

Абай гарнизонында «Aшық есік күні» іс-шарасы өтті

Шахардағы №10 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ахмет Нұрсағатовты қызықтырған снайпер мылтығы. Ол аталмыш мылтықты қолына ұстап, тіпті дүрбісінен де көздеп көрді. Әскери танымдық шара барысында мектеп оқушылары күні ертең елге қызмет еткісі келетіндігі туралы жасырмай баяндары.

Абай гарнизонында «Aшық есік күні» іс-шарасы өтті

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Мен қолыма қару ұстап көрдім. Нұсқаушы ағайларға алғыс білдіргім келеді. Бізді қызықтырған сауалдарға мардымды жауап беріп, біз білмейтін тың ақпараттармен бөлісті. Әскери көліктерге отырып, әрбір бөлшектің қандай қызмет атқаратынын сұрап білдім. Мені бұл шарада жол талғамайтын, құрлықта да, су да жүре беретін әскери техника қатты таңқалдырды. Алдағы уақытта мұндай  шара тағы ұйымдастырылса, қуанышпен асыға келуге дайынмын» №10 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ахмет Нұрсағатов

Источник: dknews.kz