238 Awrora

Ұлттық ұланның Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері күнделікті қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қала көшелерінде ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге жауынгерлік қызмет атқарып келеді. Бейбіт күнде қоғам арасында орын алып жататын оқыс оқиғалардан қарапайым халықтың амандығын қамтамасыз ету кезінде әскери қызметшілерімізге ризашылығы мен алғысын жаудырған азаматтар да аз емес, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өз ісін адал, ары мен абыройын биік қойып атқарып келе жатқан жауынгерлеріміз қаншама.
Сондай күндердің бірінде 2023 жылы 25 қаңтар күні әдеттегідей жауынгерлік қызметтерін атқарып жүрген әскери жасақ құрамындағы қатардағы сарбаздарымыз Әлім Асқар, Орынбасаров Асқар және Алимбаев Нәділге белгісіз екі ер адам 5000 тенге көлемінде ақша, сонымен қатар азық-түліктер ұсынған. Алайда жауынгерлеріміз сыпайы түрде ұсынылған ақшаны алудан бас тартып, қызметтерін одан әрі жалғастырған. Адалдық пен абыройды, одан қалса қызмет атқару кезіндегі қатаң тәртіпті берік ұстанған жауынгерлеріміз үшін бұл әдеттегі ардың ісі. Ұландық жауынгерлер жауынгерлік қызмет кезінде қырағылық пен қатар жауынгерлік қызмет мүдделерінің, қала берді өздерінің адалдықтарының сатылмайтындығын үнемі дәлелдеп келеді.
Источник: dknews.kz






