үй Қазақстан жаңалықтары Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысында жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысында жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

110
0

205 Awrora

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысында жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

Фотосурет: Depositphotos

Бүгін облыстағы жайылым жерлер тапшылығын шешу бойынша кезекті жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысында жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

«Жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: жер беру бойынша  меморандумдар жасалып, пайдаланылмайтын жерлер қайтарылып, елді – мекендердің шекаралары өзгертілуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысында жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

Қолға алынған кешенді жұмыстың арқасында жайылым жерлердің тапшылығы 2,8 млн гектардан, 481,8 мың гектарға дейін қысқарды. 

Инфрақұрылымның жоқтығы – халықтың шалғайдағы жайылымдарда жеке малын жаюға құлықсыздық танытуына басты себептің бірі болып отыр. Сондықтан жайылымдық жерлерді қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін Бұқар жырау және Осакаров аудандары пилоттық алаңдар ретінде белгіленді. Бұқар жырау ауданында пилоттық жоба Ростов, Белағаш, Қаражар, Самарқанд және Баймырза ауылдық округтерінде, ал Осакаров ауданында Озерный, Сарыөзек және Қарағайлы ауылдық округтерінде іске асады. 

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысында жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

Жоба аясында суландыру нысандары, атап айтқанда су ұңғымалары, құдықтар салынып, мал айдау жолдары, суару алаңдары мен үй жануарларына арналған қоралар орнатылады. Бұған қоса, жұмысшылардың маусымдық тұруы үшін үй-жайларды салу қарастырылған.

Кешенді жұмыс жалғасады», – деп жазды Facebook-тегі өз парақшасында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Источник: dknews.kz