үй Қазақстан жаңалықтары Қала әкімі әскери бөлімге келді

Қала әкімі әскери бөлімге келді

17
0

131 Awrora

Қала әкімі әскери бөлімге келді

Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов қызметтік іс-сапармен Ұлттық ұланның жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөліміне ат басын бұрды.  

Қала әкімі әскери бөлімге келді

Сапар барысында қала әкімі бөлімнің әскери жағдайымен, тұрғын үй және сервистік инфрақұрлымның жай-күйімен жақынырақ танысып, оқу-жаттығу нысандарын аралады. Іс-сапар барысында Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Санат Табетов, қала әкіміне әскери бөлімнің атқаратын қызметтік-жауынгерлік тапсырмалары туралы баянат жасап, таныстырып өтті.  

Қала әкімі әскери бөлімге келді

Өз кезегінде шаһар басшысы Айбек Қосуақов Ұлттық ұлан сарбаздары өңірдегі тұрақтылықпен азаматтардың  қауіпсіздіктерін сақтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша аса маңызды міндеттерді атқарып жүргенін атап өтті.

Қала әкімі әскери бөлімге келді

Сапар соңында 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Санат Табетов жеке құрам атынан қала әкіміне іс-сапары үшін алғыс айтып, Ұлттық ұлан сарбаздары қала тұрғындарының құқықтарымен бостандықтарын қорғауға әрқашан дайын екендіктеріне сендірді.

Ертуған Әубакир

Источник: dknews.kz