үй Қазақстан жаңалықтары Auezov University-де ғылыми зертханалар кешені ашылады

Auezov University-де ғылыми зертханалар кешені ашылады

32
0

114 Awrora

Auezov University-де ғылыми зертханалар кешені ашылады

Фотосурет: Auezov University

Auezov University-де бірнеше ғылыми зертханалар кешені ашылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқу орнының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілетін 4 бірдей зертхана университеттің ғылыми әлеуетін одан әрмен нығайтуға тың серпін бермек.

«Тамақ биотехнологиясы» зертханасы ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарды қайта өңдеуге және сақтауға арналған.

Университет ғалымдарының айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиялары әлемдік нарыққа өнім экспорттау мүмкіндігін арттырады.

Бұдан бөлек, зертханада өндіріс саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілмек. Алдағы уақытта университеттің докторанттары мен магистранттары тамақ өнеркәсібі және жануарлар мен өсімдіктер шикізатын өңдеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алады. Сонымен қатар ғалымдар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының тапсырыстары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуіне жол ашылмақ.

«Химиялық өндіріс процестері мен аппараттарын модельдеу» зертханасында ғалымдар бастапқы тұжырымдамадан соңғы өнімге дейін инновациялық, үнемді және экологиялық таза шешімдерді әзірлеумен айналысады.

Мультифизикалық модельдеу арқылы ғалымдар кез келген физикалық құбылыстарды модельдеуге және олардың өзара байланысын сипаттауға мүмкіндік алады.

Auezov University-де ғылыми зертханалар кешені ашылады

Зертхана 8 электрондық есептеу машинасы мен 2 серверден тұратын заманауи жоғары жылдамдықты компьютерлік құралдармен жабдықталған.

«Auezov REILEAP leather center» зертханасының басты мақсаты – докторанттар мен магистранттарға теріні өңдеу, былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киім материалдары саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру.

Зертханада халықаралық жобаларға ұсыныстар дайындалып, жоғары оқу орындарының білім алушылары мен былғары өнеркәсібінің қызметкерлері үшін арнайы оқу курстары жүргізіледі.

«Ауыз суды дайындаудың тиімді технологияларын жасау кешенінде» тіршілік нәрінің қажеттілігінің ғылыми-әдістемелік негіздері жасалып, жер асты суларын тазарту әдістері зерттеледі.

Бұл кешен «Жер асты суларын тазарту технологиясын жасау мен ендіру және халық пен аграрлық кәсіпорынның жануарларын ауыз сумен қамтамасыз ету» гранттық жобасы негізінде іске асырылып отыр.

Источник: dknews.kz