117 Арман
Фотосурет: © Sputnik / Анатолий Устиненко
Негізгі мәдени іс-шара 31 желтоқсанда «Астана» алаңында өтеді. Сағат 21:00-ден 23:50-ге дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт болады. Президенттің құттықтау сөзінен кейін мерекелік отшашу басталады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Республика Сарайының жанында 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық фестиваль өтеді. Абай алаңында 26 сәндік кіші сәулет пішіндер, фотоаймақтар, түрлі дүкендер мен мейрамханасы бар 30 шағын үй орнатылған.
Жаңа жылдық жәрмеңкеде қазақстандық қолөнершілер мен дизайнерлердің ерекше сыйлығын таңдап алуға болады. Мұнда танымал заманауи музыканттар мен орындаушылар өнер көрсетеді.
Қала аудандарында шыршалар орнатылып, конькимен сырғанау мұз айдындары ашылған, жәрмеңкелер мен концерттер өтеді. Қала бойынша биіктігі 1 метрден 2,5 метрге дейінгі ертегі кейіпкерлерінің 40 көлемді фигурасы орнатылды. Толығырақ картамыздан көріңіз.
Источник: dknews.kz