"Азаматтарға арналған үкімет" жылжымайтын мүліктері бар қазақстандықтар туралы мәліметті ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов «Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүліктері бар қазақстандықтар туралы мәліметті ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 жеке тұлғаның жеке меншік құқығында бір тұрғын үйі (пәтері немесе жеке үйі) бар екенін хабарлады. Қазақстанда 20 миллионнан аса адам тұрады. Соңғы санақ бойынша, елде 6,6 миллион бала бар. Осылайша, елімізде жеке баспанасы жоқ қазақстандықтардың саны шамамен 6,9 миллион адам болады. Бұған олармен бірге тұратын, бірақ тұрғын үйге иелік етуде үлесі жоқ жылжымайтын мүлік иелерінің жұбайлары да кіреді. Елімізде барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен: Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 мың 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар екені хабарланды. «Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген азаматтар бойынша ғана мәліметтер бар екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрында «Экономикалық белсенді халық» критерийі бойынша ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз», — деп қорытындылады компания. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






