үй Қазақстан жаңалықтары Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды ...

Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды Кеше, 09:51

129
0

Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды
                Кеше, 09:51

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу дерегі анықталды.

«Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігі негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz