үй Қазақстан жаңалықтары Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журналдар шығарды

Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журналдар шығарды

33
0

287 Awrora

Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журналдар шығарды

Қарағанды облыстық Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хикаялар» сериясымен комикс журналдарын шығара бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

 «Мақсат — тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау. Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым.  Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды» тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева

Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды. Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды иегеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары  «Тарихи хихикаялар» сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.

Источник: dknews.kz