үй Қазақстан жаңалықтары Жергілікті салықтар бойынша есептілікті тапсыру мерзімі басталады

Жергілікті салықтар бойынша есептілікті тапсыру мерзімі басталады

26
0

347 Арман

Жергілікті салықтар бойынша есептілікті тапсыру мерзімі басталады

Фотосурет: atameken.kz

15 және 20 ақпан — жергілікті салықтар бойынша яғни мүлік пен жерге салынатын салық, жер учаскелерін, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдердің салық есептілігін тапсыру мерзімдері басталады-деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Формалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.

701.01-нысан- «жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу», екі салықты, яғни мүлік пен жер салығын есептеудің біріктіруші нысаны болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жер салығын төлеушілер дегеніміз меншік құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектілері бар тұлғалар.(ҚР СК 516-бабы):

Мүлік салығын төлеушілер болып төмендегілер табылады (ҚР СК 517-бабы):

  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер;
  • концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын, иелену, пайдалану құқығында салық салу объектісі бар концессионер;
  • осы Кодекстің 518-бабында көрсетілген тұлғалар.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүлікке, сондай-ақ жер учаскелеріне салық салу объектілері бар арнайы режимдердегі ЖК қоспағанда, салық төлеушілер жыл ішінде күнтізбелік жылдың 25 ақпанына, 25 мамырына, 25 тамызына және 25 қарашасына дейінгі мерзімдерде тең үлестермен ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті (ҚР СК 522-бабы).

Оларға салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ағымдағы төлемдердің есебін 701.01-нысанды ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанына дейін (ҚР СК 516 және 525-баптары) ұсыну қажет.

Айта кету керек, жаңадан тіркелген салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есебін салық органдарында тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады. Мысалы, мүлік ақпан айында есепке қойылған болса, есебін ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет.

851.00-нысан — «жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдерінің сомаларын есептеу»

Жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша жеке кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер салық органдарына:

  • жер учаскесінің орналасқан жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
  • жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады. 

Есеп есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмей ұсынылады.

Ал есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей ұсынады.

860.00-нысан — «жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша Декларация»

Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырылатын арнайы су пайдалану түрлерi үшiн алынады. Декларацияны төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтарын қоспағанда) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етуі қажет.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлем бойынша салық есептілігін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.

Декларация салық органына ұсынылғанға дейін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органында куәландырылады.

870.00-нысан қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша Декларация

Төлемақы төлеушілер ластанудың жылжымалы көздері бойынша декларацияны қоспағанда, ластану объектісінің орналасқан жері бойынша декларацияны салық органдарына ұсынады.

Декларация салық органдарына:

  • мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
  • мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады. 

Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады. Жылдық жиынтық көлемдері 100 АЕК-ке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салықтық кезеңнiң 20 наурызынан кешiктiрмей тапсырады. 

Рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжаты алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей тапсырады. 

Салық есептілігін толтыру ережесін (701.01, 851.00, 860.00, 870.00 нысандары) «КГД.kgd.gov.kz» сайтының «ҚР Заңнамасы», «Салық есептілігі нысандары» бөлімінен көруге болады.

Источник: dknews.kz