359 rob
Елордада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты кеш барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, бапкерлер, сала мен түрлі мекемелердегі өзге де таңдаулы мамандарды, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Мәдениет және спорт вице-министрінің айтуынша, келесі жылы спортшылар Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалады.
«Биылғы жыл біздің спорт саласына өте жақсы жыл болды. Атап айтар жеңістеріміз де көп болды. Бүгін сол игі дәстүр бойынша үздіктердің үздігін марапаттау – лайықты сый деп білемін. Өйткені сіздер жыл бойы қажырлы еңбек етіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыныздар. Биыл ел спортына серпін беретін бірқатар Заңнама да қабылданды. Десе де алда жұмыс көп. 2023 жылға да үлкен жоспарларымыз бар. Оны қаңтар айында кеңейтілген отырыста жариялаймыз. Баршамызға мәлім, 1,5 жылдан соң ең үлкен дода болады. Бұл – 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары. Сондықтан келесі жыл Олимпиадаға дайындық жылы болады. Бәріміз бірге қосылып, жеңіске бірге жетейік» Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі
Елорданың төрінде еңбегі еленген 20 үміткер 14 номинация бойынша марапатталды.
Солардың қатарында, үздік деп танылған Астана қаласының спортшылары мен жаттықтырушылары және спорт саласының мамандарды да жылдың таңдаулы жүлдесіне ие болды.
«Жылдың үздік спортшысы» номинациясы (жазғы спорт түрлерінен) елордалық бұрымды балуаны Жәмила Бақбергеноваға бұйырса, ал оның жеке жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров «Жылдың үздік жаттықтырушысы» (жазғы спорт түрлерінен) атанды.
«Өте қуаныштымын. Осы жыл мен үшін жемісті жыл болды. Көңіл-күйім керемет. «Жылдың үздік» спортшысы деген марапатты табыстаған сәтте үлкен жауапкершілікті сезіндім. Еңбегімді бағалап, осындай марапатқа ұсынған спорт саласының мамандарына үлкен алғысымды білдіремін» Жәмилә Бақбергенова, жылдың үздік спортшысы
Сондай-ақ, қалалық спорт басқармасына қарасты ведомствалық «№5 БЖМОРСМ» қызметкері Ирина Новикова өз кәсібінің үздік маманы ретінде «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы» номинациясына ие болды.
Марапаттау барысында Айдана Меденова, Ескендір Ибрагим, Давид Чарлин, Jumyr Qylysh тобы, Гүлнұр Оразымбетова, Ақтоты Болшова сынды отандық эстрада әртістері өнер көрсетті.
Источник: dknews.kz