үй Қазақстан жаңалықтары Шымкент монополистері тұтынушыларға 640,6 млн. теңге қайтарады

Шымкент монополистері тұтынушыларға 640,6 млн. теңге қайтарады

42
0

380 rob

Шымкент монополистері тұтынушыларға 640,6 млн. теңге қайтарады

Фотосурет: АР

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңын нормаларын орындау мақсатында, табиғи монополия субъектілердің 2021 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептеріне талдау жасады, оның ішінде тарифтік сметалардың орындалуы туралы 73 есеп және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы 12 есеп, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Есептерді қарау қорытындысы бойынша 33 монополистің жалпы сомасы 640,63 млн теңгеге тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалмағаны анықталды, оның ішінде салалар бойынша:

  • сумен жабдықтау — 31,99 млн. теңге;
  • су бұру — 3,9 млн. теңге;
  • каналдар бойынша су беру — 3,28 млн. теңге;
  • электр энергиясын беру — 24,27 млн. теңге;
  • тауарлық газды тасымалдау — 60,34 млн. теңге;
  • жылумен жабдықтау — 491,9 млн. теңге;
  • кірме жолдар саласында — 24,93 млн. теңге.

Нәтижесінде, Департаменттің бұйрықтарымен бір жыл ішінде тұтынушыларға осы қаражатты қайтару үшін монополистердің тарифтері төмендетілді.

Источник: dknews.kz