үй Қазақстан жаңалықтары Астанада тағы 13 мектеп салынады

Астанада тағы 13 мектеп салынады

20
0

130 Арман

Астанада тағы 13 мектеп салынады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биылғы оқу жылында 9 мектеп қолданысқа берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Астанада тағы 13 мектеп салынады

«Оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Биылғы оқу жылында тағы 9 мектепті қолданысқа береміз. Мәселен бұл Рысқұлов көшесіндегі, Р.Қошқарбаев даңғылындағы, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысындағы, Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы және т.б. мектептер. Көктемде іргелес аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырдым.

Астанада тағы 13 мектеп салынады

Алдағы оқу жылында тағы 13 мектеп саламыз. Қалада ірі мектептер салынып жатыр. Мұндай мектептің әрқайсысы 4 мың оқушы орнын (2 ауысымда) ашуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушы орындарына деген қажеттілік мәселесі едәуір шешіледі.

Астанада тағы 13 мектеп салынады

Астанада тағы 13 мектеп салынады

Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымда) арналған жаңа форматтағы 25 мектепті жобалау жұмысын жүргіземіз. Жаңа форматтағы мектептердің құрылысын 2023 жылы бастаймыз.

Астанада тағы 13 мектеп салынады

Астанада тағы 13 мектеп салынады

Балабақша мәселесіне де көңіл бөлеміз: жақында Есіл ауданында (Күлтегін көшесі) мемлекеттік балабақша ашылды. Сол сияқты келер жылы жеке балабақшаларға 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыруды жоспарлап отырмыз, осы арқылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көлемін арттырамыз», — деп жазды елорда әкімі.

Источник: dknews.kz