үй Әлем жаңалықтары ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамытудың өзекті бағыттары

ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамытудың өзекті бағыттары

39
0

101 Арман

ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамытудың өзекті бағыттары

Армения астанасында «Интеграция және даму» зерттеу-талдау ұйымының және Еуразиялық сараптама клубының қолдауымен Қазақстан Елшілігімен бірлесе отырып «ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамытудың өзекті бағыттары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына армян экономикалық, сараптамалық және қоғамдық ұйымдарының, сондай-ақ БАҚ мен Арменияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси және экономикалық жаңғырту бойынша реформалардың ауқымды бағдарламасы, сондай-ақ 20 қарашада Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың нәтижелері туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Интеграция және даму» зерттеу-талдау қоғамдық ұйымының төрағасы, Еуразиялық сараптама клубының үйлестірушісі А.Сафарян Қазақстан геосаяси турбуленттілік жағдайда теңдестірілген сыртқы саясатты жүргізіп жатқанын және ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық экономикалық процестердің бастамашысы және белсенді мүшесі болып табылатынын айтты. Оның пікірінше, Астана Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін «Бір белдеу — бір жол» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты бастамалары шеңберінде трансұлттық дәліздердің әлеуетімен ұштастыруда жетекші рөл атқарады. Армения ҰБА академигі Г.Погосян өнімді өткізудің заманауи және тиімді құрылымын қалыптастыру үшін Қазақстанның шекаралас өңірлерінде және ЕАЭО басқа да елдерінде сауда хабтарын құрудың өзектілігін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының басшылығының саясатын және Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңыздылығын, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мен нығайту және Еуразиялық өңірде бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру қажеттігін жоғары бағалады.

Источник: dknews.kz